Ауғанстандағы НАТО күштері таратқан хабарда, сенбі күні Кабулда коалиция күштеріне жасалған шабуылда бір америкалық әскери қызметкер қаза тауып, бір адам жарақат алғаны айтылған. Мәліметте, шабуыл жасаушы Ауғанстан үкіметіне қарасты күштердің арасында жасырынған террорлық топтың жақтасы болуы мүмкін екені айтылады.
Осыған дейін Талибан күштері таратқан хабарда, Ауғанстан үкіметіне қарасты қарулы күштердің қатарында өздерінің жақтастары бар екені айтылған. Екі апта бұрын Ауғанстанда осыған ұқсас шабуылдан террорлық топқа қарсы күрестегі аты шыққан қаһарман Абдулла Закир қаза тапқан болатын.
Хабарға қарағанда, сенбі күнгі шабуылда қаза тапқан америкалық жауынгердің есімі Тайлор, 7 баланың әкесі. Ол Юта штатында Ұлттық гвардияға мүше болған және Ауғанстанға келерден бұрын Солтүстік Огден қаласының мэрі де болған. Америкалық басылымдардың хабарына қарағанда, Тайлор Ауғанстанда екінші рет міндет өтеп жүрген. Бұlан бұрын Иракта да екі кезек әскери міндетте болған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы