Facebook басшыларына 645 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.
Әлеуметтік желідегі қолданушылардың жеке мәліметтері Cambridge Analytica британдық компаниясына сатылып, Ұлыбританияның құпия ақпаратты қорғау заңнамасы өрескел бұзылған. 2007-2014 жылдар аралығында 90 млн-ға жуық қолданушының мәліметтері қолды болған. Мәлім болғандай, мұндай әрекет 2016 жылы өткен Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығу референдумының нәтижесі мен АҚШ-тағы президенттік сайлау қорытындысын алдын-ала анықтау үшін жасалынған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Бірақ Cambridge Analytica компаниясы айыпты жоққа шығарып отыр. Ал Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Америка Конгресі алдында жауапқа тартылды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні