Пентагон алдағы уақытта екі бірдей соғыс кемесін Тайуан(Тайвань) бұғазында операция жүргізуге дайындап отыр. WSJ басылы ресми лауазымды тұлғалардың мәліметіне сілтеме жасай отырып, кезекті операцияның бірнеше күнге жалғасатынын хабарлаған болатын.
Ал, Reuters агенттігінің сенбі күнгі хабарында айтылғанындай, АҚШ теңіз күштері кезекті операция арқылы, Қытай қарулы күштеріне өздерінің Тайуан бұғазын қамтыған теңіз жолдарында кедергісіз өте алатын құқықтары бар екенін тағы бір мәрте ескертпек.
Шілде айында АҚШ-тың екі бірдей басқарылмалы зымырандарға қарсы әскери кемелері Тайуан бұғазынан өткен болатын. Кейбір сарапшылар, қайшылықтың өршіп тұрған кезінде АҚШ-тың мұндай қадамға баруы өзінің даулы мәселеде кімдерге болысатынын анық аңғарту деп қарайды.
Пентагон бұл іс туарлы әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасамағанымен, АҚШ қорғаныс министрі Мэттистің өткен аптадағы Сингапур сапарындағы мәлімдемесінде: «АҚШ теңіз күштері кез-келген халқаралық су айдындарында еркін қатынайды»-, деп кесіп айтқан болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы