Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп АҚШ жергілікті уақытымен жұма күні кеште мәлімдеме жасап, Сауд Арабиясына Хашогги ісіне байланысты санкция салатынын, Конгресс санкция шараларын дайындауға кірісетінін мәлімдеді.
Осыдан сәл ғана бұрын Сауд Арабиясының үкіметі мәлімдеме жасап, оппозициялық журналист Жамал Хашогги Стамбулдағы Сауд Арабиясының елшілігінде қайтыс болғанын мойындаған. Әрі, Хашоггиді елшілікте атыс кезінде қаза тапты делінген. Алайда, екі апта бойы Эр-Рияд билігі Хашоггиді өз елшілігінде өлтірілді дегенді жоққа шығарып келген еді.
Сауд Арабиясы үкіметі жариялаған мәліметте: «Хашогги консулдықта өзі кездескен адаммен атыс барысында көз жұмған, тергеу әлі жалғасуда, осы іспен қатысы бар делінген 18 сауд арабиялық азамат қолға алынды», – делінген.
Ал, Сауд Арабияның БАҚ құралдары, король Салман әс-Саудтың екі бірдей жоғары лауазымды тұлғаны қызметтен босатқанын жариялауда.
Президент Трамп осыған байланысты жасаған мәлімдемесінде: «Сауд Арабия біздің маңызды одақтасымыз. Бірақ, мынандай оқиғаның болғанын қабылдауға шарасызбын», – деді. Бірақ, ол сөзінің соңында: «Сауд Арабиясының Хашогги өлімі туралы алғашқы мәлімдемесі сенімді. Эр-Рияд дұрыс қадамға барған», – деді.
Алайда, Конгресстің кейбір мүшелері Сауд Арабиясының алғашқы мәлімдемесінің сенімділігіне күмән келтірген. Трамптың саяси жақтасы, Республикашылдардың Сенаттағы мүшесі Линдси Грэм: «Мен консервативті түрде Сауд Арабиясының бұл мәліметіне күмән келтіремін», – деді.
Осыдан бұрын Трамп: «Тергеу нәтижесінде Сауд билігі журналист Хашоггиді өлтіргені расталған күнде де, Құрама Штат Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтатпау керек. Себебі, біз қару сатпасақ, Эр-Рияд Қытайдан немесе Ресейден қару сатып алатын болады», – деген болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау