Сингапурда өтіп жатқан АСЕАН қорғаныс министрлерінің кеңейтілген отырысы аясында АҚШ пен Қытайдың қорғаныс министрлері кездесу өткізген. Бұл туралы бүгін АҚШ Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияға жауапты өкілі Дэвид Истбурн (David Eastburn) өзінің Твиттер парақшасында жазды.
Соңғы бірнеше айдағы АҚШ-Қытай арасындағы қатынастар толқулар мен тұрақсыздыққа толы болды. Естеріңізде болса, АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Мэттистің қазан айына жоспарлаған Қытай сапарын күшінен қалдырған болатын. Сондықтан, бұл реткі Мэттис пен Қытай қорғаныс министрі Уей Фыңхының (Wei Fenghe) кездесуі әлем ақпарат құралдарының назарына ілікті.
АҚШ қорғаныс министрінің кездесудегі сөзінде, Ушингтон мен Бейжің қатынасының қайшылықтың жалғаса бермейтінін бірнеше рет қайталады.
Оңтүстік Азияға істері жөніндегі Пентагон хатшысының көмекшісі Сью Руфу Сингапурдағы бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметінде: «Мэттис пен Уей Фыңхы арасында ресми кездесудің өтуі екі елдің де қорғаныс саласындағы қайшылықтың жалғаса беруін қаламайтынын анық көрсетеді», – деген.
АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит қолбасшылық Бас штабының командирі Дэвидсон және АҚШ әскери қолбасшылық Бас штабының төрағасы генерал Дэнфорд Пентагон басшысымен Сингапурда кездесті. Құрама Штаттың жоғары әскери шенділерінің бұл кездесуінде Үнді-Тынық мұхит аймағындағы жергілікті күштермен селбесе отырып, Оңтүстік Қытай теңіз аймағындағы Құрама Штаттың ырықтылығын сақтап қалуды мәселелерін талқыланды.
Оңтүстік Қытай теңізі туралы АҚШ пен Қытайдың ұстанымдары әлі де бір жерден шыға қойған жоқ. Екі ел арасындағы әскери бәсекенің әлі де жалғаса түсетіні байқалады. Дегенмен, бұл реткі кездесу тараптардың қорғаныс саласындағы қайшылықтарды реттеуге деген құлшыныстарының да бар екенін аңғартты. АҚШ-Қытай арасындағы теңіз дауы тікелей территориялық дау болмағанымен, теңіздегі ықпал күшіне деген бәсеке Уашингтон мен Бейжіңнің ұзақ стратегиялық жоспарларындағы үлкен кереғарлықты көрсетеді.