Ингушетия мен Шешенстан арасындағы әкімшілік шекараны белгілеу туралы келісім заңды күшіне енді. Келісімге сай енді ек аймақ жер алмасады.
Өткен айда Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров пен Рамзан Қадыров екі аймақ арасындағы әкімшілік шекараны бекіту туралы келісімге қол қойды. Келісімді ратификациялау үшін 35 депутаттың 17-сі қолдап дауыс берген. Бірақ жергілікті тұрғындар бұл шешімге түбегейлі қарсылық білдіріп, ереуілге шыққан болатын. Наразы топ Ингушетия астанасы Магас қаласында жолды жауып, биліктен шекара мәселесіне қатысты шешімді өзгертуін талап етті. Екі елдің шешіміне жүздеген халық қана емес, конституциялық сот та қарсылық білдірген. Сондай-ақ Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев республика басшылығының Шешенстанмен келісім жасасуда қателік жібергенін мәлімдеді. Ал Ингушетия депутаттары парламент отырысына қатыспағандықтан, келісім уақытша шегерілген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні