Ингушетия мен Шешенстан арасындағы жаңа шекараны белгілеуге қатысты кезектен тыс дауыс беру өткен жоқ. Себебі, Ингушетия депутаттары парламент отырысына қатыспаған.
Өткен аптада қос елдің басшылары Рамзан Қадыров пен Юнус-Бек Евкуров екі субъект арасында әкімшілік шекара орнату туралы ортақ шешімге келген болатын. Дауыс беру бүгін өткізіуі тиіс еді. Алайда, мемлекет үшін маңызды кездесуге тек он екі депутат келген. келісімді құптау үшін кем дегенде жиырма шақты депутат қол қоюы керек.
Еске сала кетейік, Ингушетия парламенті Шешенстанмен шекараны реттеу туралы келісімді бекіткен соң, жергілікті тұрғындар ереуілге шықты. Наразы топ Ингушетия астанасы Магас қаласында жолды жауып, биліктен шекара мәселесіне қатысты шешімді өзгертуін талап етті. Екі елдің шешіміне жүздеген халық қана емес, конституциялық сот та қарсылық білдірген. Осы ретте Аюп Гагиев Интерфакске берген сұхбатында: «Ингушетия Конституциясының 111-бабына сәйкес шекараларды белгілеу мен өзгерту және әкімшілік-аумақтық құрылыстың басқа да мәселелері федералдық заңдарға сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып шешілетінін» – айтып, халық пікірін қолдады. Сондай-ақ Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев республика басшылығының Шешенстанмен келісім жасасуда қателік жібергенін мәлімдеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні