Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік билігінің делегациясын бастап Венгрияға жасаған сапары аяқталды. Кезекті сапарда Ердоған Венгрия президенті Янош Адер, премьер-министр Виктор Орбан және Парламент басшысымен жекелеген кездесулер өткізді. Сондай-ақ, түрік билігінің делегациясы мен Венгрия үкіметінің өкілдері кеңейтілген отырыстар өткізді. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Түркия-Венгрия арасындағы диалогта екі елдің қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеру мәселелері қолға алынған және үкіметтер арасында бірқатар жаңа келісімдер жасалған.

Екі ел арасында кеңейтілген отырыс өткізілді. Фото: Анадолы.
Премьер-министр Виктор Орбанмен болған кездесуден кейін бірлескен баспасөз жиынын өткізді. Сапар кезінде Ердоған Түркияның Еуропа Одағына деген ұмтылысында Венгрияның табанды қолдау көрсеткеніне алғысын білдірді. Орбан мәлімдемесінде: «Екі ел арасындағы байланыс өте жоғары деңгейде. Венгрияның қауіпсіздігі Түркиямен тікелей байланысты. Түркияда тұрақтылықтың болуы біздің де қауіпсіздігіміз бен тұрақтылығымызды қамтамасыз етеді. Әсіресе, босқындар мәселесінде Түркия бізге үлкен қорған болып отыр», – деген.
Ердоған бірлескен баспасөз мәлімдемесінде Еуропа Одағына деген өкпелі уәжін жайып салды: «1963 жылдан қазірге дейін Еуропа Одағы бізді күттірумен болды. ЕО-ның ешбір елі мұндай зұлыматты көрмеді. Бізге «иә» немесе «жоқ» деген жауапты да бермеді. Ашығын айтуы керек еді. Біз сабырлықпен күтудеміз. Дегенмен, осы жылдарда Венгрияның бізді соңына дейін қолдағанына алғыс білдіреміз», – деді.
Венгрия сапарына Ердоғанмен бірге жұбайы Емине Ердоған, Президент аппаратының ресми өкілі Ибрахим Калын, СІМ басшысы Мевлүт Шавшоғлу, сауда министрі Рухсар Пекжан, комуникация министрі Мехмет Жахит Турхарн және Ердоғанның «Әділет және даму партиясының» орынбасар жетекшісі Жевдет Илмаз қатарлы ресми өкілдер де барған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы