Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Сауд Арабиясы кінәсіздігін дәлелдеуі керек» - деп мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған Стамбұл қаласында жоғалып кеткен сауд арабиялық журналист Джамал Хашкаджиға қатысты мәлімдеме жасады.
«Біз бұл іске бей-жай қарай алмаймыз. Журналист консулдыққа жұбаймен бірге келеді. Бірақ консулдық қызметкерлері ғимаратқа оның өзін ғана кіргізеді. Ол кері шықты ма, жоқ па белгісіз. Оларда бейнекамера жазбалары бар соны көрсетсін. Олар өздерінің кінәсіз екендіктерін дәлелдеуі керек» - деді Режеп Тайып Ердоған Венгрияға жасаған сапары кезінде сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін «Anadolu» ақпарат агенттігі «жоғалып кеткен журналист Джамал Хашкаджи Стамбұлдағы Сауд Арабия консулдығында өлтірілді» деген ақпарат таратқан. Кейінен Сауд Арабия тарапы Хашкаджидың консулдық ғимаратынан аман-есен шыққандығын айтып, тағылған айыптауларды жоққа шығаран.