Тәжікстан мен Өзбекстан бірлесіп екі ел шекарасын минадан тазалау операциясын бастады.
Өзбекстанның Самарқан облысымен шекаралас Тәжікстанның Соғды облысы Пенджикент ауданын минадан тазалау жұмыстары басталып кетті деп хабарлады Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Алайда тәжік-өзбек шекарасында миналанған аумақтың жалпы көлемі жайындағы ақпарат құпия қалып тұр. Ресми емес мәлімет бойынша, миналанған аумақтың көлемі 9,5 шаршы шақырымды құрайды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға ресми сапары барысында 2019 жылдың соңына дейін шекараларды минадан тазалау жұмысын толық аяқтау жөнінде келісімге келген.
Өзбекстан Тәжікстанмен шекаралас аумақты өткен ғасырдың 90-жылдардың соңында миналап тастаған. Сол кезде ресми Ташкент осылайша Өзбекстанның Ислам қозғалысы содырларын аймаққа өткізбейміз деп мәлімдеген. Тәжікстанның ресми мәліметі бойынша, соңғы 20 жылда минадан 800 тәжікстандық зардап шеккен.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап