Бұдан былай жемқорлықпен Ұлттық қауіпсіздік комитеті күресетін болды.
Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа жолдауында ҰҚК жемқорлармен күресуге тапсырма берді.
Президент өз сөзінде: «Қазір басшылар құжаттарға қол қоюға қорқады. Себебі ертең келіп оларды желкелейтіндер жетіп артылады. Мен осындай шенеуніктерді ұстап, үстілерінен қылмыстық іс қозғауды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырамын» - деп мәлімдеді.
Бұдан бөлек мемелкет басшысы үкіметке үш жылда ел экономикасындағы көлеңкелі айналымды 40% азайтуға тапсырма берді.
«Бизнес таза жұмыс істеу үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орта және шағын бизнеске амнистия жариялауды ұсынамын» -деді Назарбаев.