Ыстамбұл қаласының Бас прокуратурасы жүргізген зерттеу нәтижесінде экономикалық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 417 адамды қамауға алуға шешім қабылданды. Бұл туралы «Hurriyet» агенттігі Түркияның қаржылық қылмыстарды зерттеу жөніндегі Кеңесінің (MASAK) мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметі бойынша, Түркия билігі елдің қаржылық жүйесі мен экономикасына зарар әкелді деген күдікпен тұтқындаған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғауға үкім шығарған. Күдікке ілінген азаматтардың тарапынан 2,5 миллиардтан астам түрік лирасы (400 млн доллар) өзге елдерге тиесілі 88 есепшотқа аударылған және алынған. Қаржыны алушылардың көпшілігі АҚШ-та тұратын ирандықтар екені анықталған. Осы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұдан бұрын да Түркияда Ираннан, Пәкістаннан, Ирактан және Ауғанстаннан келген 283 заңсыз босқын қамауға алынған. Тұтқындалған босқындардың барлығы арнайы органға жеткізілген еді.  Еске салайық, қыркүйек айының соңында президент Режеп Тайып Ердоғанның шетелдегі, әсіресе АҚШ-тағы қарсыластарын тексеру жұмыстары басталған еді.

“The Qazaq Times”