Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ қараша айында жапон көшбасшысы үшін бірінші болып Дарвин қаласына барады.
Кездесу Порт-Морсбиде АТЭС көшбасшыларының бірлескен саммиті алдында болады. Sky News және ABC News-тің хабарлауынша, жоспарға сай жапондық Inpex Corp компаниясы құны 40 миллиард доллар болатын табиғи газды сұйылту жобасын (LNG) өткізбек. Сондай-ақ екі ел арасындағы келісім бойынша қорғаныс саласындағы бірлескен оқу-жаттығулар жасап, Аустралиямен әскери байланыстарды нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді.
Еске салсақ, 1942-1943 жылдары Жапонияның «Акаги» және «Кага» әскери күштері Дарвин қаласына шабуыл жасап, салдарынан қала тұрғындарының басым бөлігі қаза тапқан. Сол уақыттан бері аусриялық қалада жапон басшылары келіссөз жүргізбеген. Демек, Синдзо Абэ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон империялық әскері бомбалаған Дарвинге жапон көшбасшыларының алғашқысы болып сапар шекпек.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні