Вашингтонда өткен маңызды кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп Польша президентіне әскери база орнататынын жеткізді.
Президенттің шешімін құптаған Анджей Дуда стратегиялық аймақты құру үшін барлық жағдайды жасауға дайын екенін айтты. Сондай-ақ Польша президентінің пікірінше, «кез келген соққыға, күтпеген шабуылдарға қарсы төтеп беру үшін Американың тұрақты әскери базасын орнату маңызды».
Кездесу барысында Ақ үй басшысы: «Осы уақытқа дейін екі ел арасындағы байланыс қазіргідей берік болған жоқ. Әскери база жайлы шешімнен соң, Анджей Дудамен қорғаныс саласын нығайтуға күш салмақпыз. Оның ішінде технологияларға қатысты байланыстар мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі нығайтылады», – деді.
Қазіргі уақытта келісімді жүзеге асыру үшін Польшаға американдық жасақтар жіберілген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні