Халықаралық Қылмыстық Сот (ХҚС, «International Criminal Court») Мьянма билігінің Аракан штатындағы мұсылман тұрғындарға қарсы қылмысына қатысты алдын ала тергеулер бастады. Бұл туралы «liberation.fr» ХҚС-тың прокуроры Фату Бенсуданың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, Халықаралық Қылмыстық Сотта 700 мың рохинжа мұсылманның Бангладешке депортациялануына қатысты жеткілікті деңгейде дәлелдер жинақталған. Ол ХҚС-та аракандық мұсылмандарға қарсы қолданылған қылмысқа да қатысты мәліметтер мен құжаттар бар екенін айтып: «ҚХС рохинжа мұсылмандарының негізгі құқықтарының бұзылуы туралы қолда бар мәліметтерді, адам өлтіру, жыныстық зорлау, өртеу, ұрлап-тонау және күштеп көшіру сияқты қылмыстарды зерттейді», - деді. Бұдан бұрын Гаагадағы ҚХС Мьянма билігінің Аракан шататындағы мұсылман тұрғындарға қарсы қылмыстық істерін тергеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлаған еді. ҚХС мәлімдемесінде алдын ала тергеуді аяқтауға қажетті мерзім беру керек, ол үшін жан-жақты тергеу үшін жеткілікті дәлелдер жинау міндеті тұрғаны айтылған. Бұдан бұрын, Мьянманың солтүстігіндегі Аракан қаласындағы мұсылмандарға «қарулы топпен күрес» деген желеумен шабуыл жасалып жатқаны хабарланған еді. Аймақтағы гуманитарлық жағдай бірден төмендеп, Аракан қаласының Бангладешке қашқан тұрғындарының саны 700 мыңға жеткен.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі