Құрама Штаттар Қаржы министрлігі Сүрия билігіне мұнай тасымалауға көмектескендерге санкция салды. Санкция соққы боп тигендердің қатарында Сүрияны қара алтынмен қамтамасыз етті деген бес компания және төрт адам бар.
Қаржы министрі Стивен Мнучиннің мәліметінше, Ливан, Сүрия, Бірккен араб Әмірліктері арқылы астыртын мұнай тасымалдаумен айналысқан төрт компанияңа санкция салынған. Сондай-ақ, жаңа санкцияға экстремистік ұйым деп танылған «Ислам мемлекеті» содырларымен мұнай тасымалдауда бірлесе әрекет еткен сүриялық кәсіпкер Мухаммад әл-Катирджи мен оның жеке көлік транспорты да ілікті. Кәсіпкер осы уақытқа дейін Сүрияны қаржыландырудан бөлек, Башар Асад үкіметімен жақын байланыста болған.
Эксклюзивті жаңалық ретінде Стивен Мнучин: «АҚШ Ислам мемлекетіне қолдап, әрі қатыгез Башар Асад билігіне транзакция жасауға көмек көрсеткендерді ешқашан нысанадан мүлт жібермейді», – деді.
Мұнай мәселесінен бөлек, Катирджидің Сүриядағы кәсіпорнының Ирактан Сүрияға қару-жарақ жөнелткені мәлім болды. Енді санкция салынған кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің Америкадағы активтері бұғатталып, екеуара экономикалық байланысқа тосқауыл қойылады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні