Ирактағы ең ірі қалалардың бірі Басрада коменданттық сағат жарияланды. Себебі, жаппай ереуіл әлі де жалғасып жатыр. Осыдан екі күн бұрын басталған шеруде 6 адам көз жұмып, 100-ге жуығы ауыр жарақат алған.
Жарақат алғандардың 22-сі полиция қызметкерлері. Елдегі электр көзі мен ауызсу тапшылығына наразы топ тиісті жағдай жасалмайынша, ереуілді тоқтатпаймыз дейді. Ашуға бой алдырған жергілікті тұрғындар екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Жылдан-жылға артқан дағдарыс пен елде белең алып отырған жемқорлық та елді мезі еткен. Наразы халық қаладағы әкімшілік ғимаратты өртке орап, мемлекеттік ғимараттарға жарылғыш заттар лақтырған. Тәртіп орнату үшін полиция қызметкерлері халыққа қарсы көз жасаурататын газ қолданған. Алайда, көше жолдарын тұтастай жабылғандықтан, тәртіп сақшыларының әрекеті нәтиже берген жоқ.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні