Грекияда қаржылық тапшылыққа байланысты теңізшілер жаппай ереуілге шықты. Туристік маусым кезінде басталған наразылық акциясы бірнеше күнге созылып келеді.
Билікке қарсы шыққан жұмысшылар соңғы сегіз жыл көлемінде айлықтың дұрыс төленбей келгенін айтады. Кеме иелері жалақыны 2% мөлшерінде кезең-кезеңмен көтеруді ұсынса да, наразы жұрт көнбей отыр. Шыдамы шегіне жетіп, әбден ашынған теңізшілер жалақыны 5%-ға көтеруді талап еткен. Жаппай шерудің салдарынан демалуға шыққан туристер де діттеген жеріне жете алмай қалды.
Теңізшілер кәсіподағының президенті Антонис Далакогиоргос «теңізшілер басты талаптарды қанағаттандырмағандықтан, жалпыгрекиялық теңізшілер федерациясының рұқсатымен ереуілді тағы бір күнге ұзартатын боламыз», – деп мәлімдеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні