«Ресей демократиялық өзгерістер үшін пісіп-жетілді, бірақ Путин талантты қарсыласқа шыдамайды»,-дейді Times Алексей Навальныйға және оған шығарылған үкім қарсаңында жазылған редакциялық мақалада деп жазды BBC.
Кировтың Ленин аудандық соты Навальныйды шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру және «Кировлеса» атты іс бойынша 500 мың рубль көлемінде айыппұл салу үкімін шығарды. Үкіммен саясаткер келіспеймін және шағымданамын дейді.
Бір кездері Кремль басшысын «Құбырдағы құрбақаға» теңеген, атақты сөздерді айтқан ресейлік диссидент Алексей Навальныйдың 2018 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігі жоқ сияқты»- дейді басылым.
«Ешқандай байыпты оппозиция мұнымен Владимир Путиннің сайлау кезінде қайта сайлануына қауіп төндірмейді» деп жалғастырады Times.
Кешегі үкімнен мистер Навальный емес, Ресейдің өзі жеңілді, деп пайымдайды газет. Путин басқарған жылдарды Times Ресейдің жас азаматтарын саяси «әтектерге» (евнух) айналдырған, «немқұрайлық, шыдамсыздық пен тоқырау дәуірі» деп атайды.
«Навальныйдың күші оның Ресей қалаларындағы жас тұрғындар арасында үміт отын жандыра білуінде» деп белгілейді басылым.
«Навальныйда көлемді наразылықтарға адамдарды жұмылдыру дарыны бар» деп жалғастырады Times. Басшылық осыдан қорқады.
Ресейде газеттің санауы бойынша «миллионнан асатын 15 қала» бар және көпшілігі елді нашар басқарып отырған билікке әбден наразы. Навальныйдың дауысы құр далаға кеткен айқайға ұқсамайды. Ол Ресейде өзгеріс енгізу үшін алыс нысанамен ойын жүргізу керек екенін біледі. Және «Тірі қалу керек». Біз оған оңайға түспейтін екі істе де сәттілік тілейміз,- деп редакциялық мақаласын қорытындылайды Times.
Фариза Мұқанова
«The Qazaq Times»


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні