АҚШ президенті Дональд Трамп тосыннан мәлімдеме жасады. Бүгін ол «Дүниежүзілік сауда ұйымынан» шығатынын айтып, сес көрсетті. Бұл туралы Америка ақпарат құралдары хабарлайды.
Егер де ұйым Құрама Штаттарына қатысты басты шарт пен көзқарасын өзгертпесе, Трамп осыған қатысты заң жобасын енгізу арқылы ұйымның талаптарын орындаудан құтылады. Аталған құжат мақұлданса, Америка сырттан келетін тауарларға күрделі сомада салық сала алады. Сондай-ақ жаңа норма арқылы Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымының басты ережелерін ескермеуге құқылы. Демек, жақын арада алпауыт Америка ұйым құрамынан шығып, кезекті мәрте күллі әлемді таңқалдыруы мүмкін.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні