Жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқу әр баланың арманы. Алайда, жөндеу жұмыстары жасалынған білім ошақтарын көрудің сәті әзірше туған жоқ.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстан аумағында жыл сайын 110-нан 170-ке дейін жаңа мектеп салынады. Бүгінгі таңда елімізде 120-ға жуық үш ауысымдағы мектеп бар. Бірақ, күрделі жөндеу жұмыстары жасалынбаған мектептер әлі де сол қалпында. Апатты деп танылған білім ошақтарының саны 44-ке жеткен. Оның біраз бөлігі Түркістанда.
Биыл Тараз өңірінде апатты деп танылған 7 мектеп жабылады. Демек, оқушылардың басқа мектепке қатынауына тура келеді. Білім алатын орын табылды десек те, мұғалімдердің аздығы тағы бар. Мәліметтер бойынша, Жамбыл облысында 500 мұғалім жетіспейді.
Мектептердегі мәселе жан басына қаржыландыру механизмі арылы шешімін табуы тиіс. Сапасы сын көтермейтін, апатты жағдайдағы өзге де білім ошақтарының мәселесі 2020 жылға дейін аяқталуы қажет.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді