Допинг дауына байланысты біраз уақыттан кейін, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды.
Чиншанло жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Осыған дейін 53 кг-ға дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 кг-ға дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады.
Әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең қарсылас табылмады. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеру жаттығуын 85 кг-нан бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 кг-ды көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 кг спортшының ырқына бағынбады.
Ал, серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 кг-ға тапсырыс берді, алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 кг көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді.
Естеріңізде болса, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты - допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.


















Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?