Молдовадағы қарсылық акциясына шығушылар елдегі дағдарысқа үкіметтік партияны басқарушы миллиардер Владимир Плахотнюкті кіналайды, - деп жазады liberation.fr.
Молдовадағы оппозициялық партиялар үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, аралас сайлау жүйесін жоққа шығару үшін қарсылыққа шығуда. Белсенділер елдің банк жүйесінен миллиард доллардың ұрлануына қатысы барлардың қудалануын талап етуде. Молдованың Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Кишиневтегі қарсылық акциясына қатысушылардың саны қазіргі күні 1,5 мың адамға жеткен. Қарсылық акциясының ұйымдастырушылары Молдованың оппозициялыық партиялары. Олар аралас сайлау жүйесін жоққа шығаруды талап етуде және еркін әрі нақты сайлаулардың ұйымдастырылуына қарсы. Одан бөлек, ақпарат құралдарынан белгілі болғандай, қарсылық акциясына молдовалық эмигранттар да қатысуда. Брюссельдегі Еуропа комиссиясының ғимараты жанына жүздеген адам жиналып, еуропалық құрылымға ұжымдық хат жіберген. Негізінде, үкіметтің отставкаға кетуін талап етуші басқа да қарсылық акциялары екі жылдан бері жалғасып келеді.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?