Осыдан бұрын Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі 4 қыркүйек күні Мәскеуде өтетін бейбітшілік келіссөзіне қатыспайтынын хабарлаған еді. Іле-шала Талибан күштері де ресми мәлімдеме жасап, Мәскеудегі келіссөзге бармайтынын айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Біз келіссөзге қатыспау туралы шешім қабылдадық. Егер Талибанмен келіссөз жүргізу керек болса оны біз шетелдіктердің қатысуынсыз да жүзеге асырамыз», – деді.
Ауғанстан үкіметінің мәлімдемесінен кейін Талибан жағы да мәлімдеме жасап: «Ресейдің бейбітшілік келіссөзге шақыруын қабылдамаймыз», – десті. Бұған дейін келіссөзге Талибан ұйымының 4 өкілі қатысатыны белгілі болған еді.
Мәскеу жақ Құрама Штатты қамтыған 12 елді келіссөз үстеліне шақырған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді