АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қатаң санкциялардың көмегімен Иранға қысымын күшейтуді жоспарлауда. Бұл туралы франциялық «lemonde.fr» басылымы америкалық президенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз 2015 жылғы санкциялармен ғана шектеліп қалуды ойламаймыз. Біздің мақсатымыз, санкциялардан мүлдем бас тартпау десек те болады», - деген Д.Болтон кезекті бір баспасөз отырысында. Болтонның айтуынша, Иранға санкция салудағы басты мақсат — Ислам Республикасының ядролық бағдарламадан бас тартуына себеп болу, сонымен қатар, Иранның Таяу Шығыстағы ықпалын тоқтату. Ол, сондай-ақ қазіргі уақыттағы басты мақсаттардың бірі ретінде Ираннан ресурстар сатып алатын елдер үшін басқа мұнай тасымалшыларын іздеу болып табылатынын да айтып өткен. Ислам Республикасына қатысты Болтон айтқан тағы бір жайт — АҚШ Ирандағы билік режимін құлатуды көздемейді, тек оның «саяси қимылын өзгерткісі» келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы