Иранның орталық қаласы Теһранда (Тегеран) өткен «Каусар» атты соғыс ұшақтарының таныстырылымы өтті. Жиналысқа қатысқан Иран президенті Түркия және Пәкістан елдерімен бірлесе отырып соғыс ұшағын өндіруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иран президенті Хасан Рухани жиналыс кезінде Иранның жасалу құны төмен болғанымен ықпал күші жоғары қару-жарақ өндіруді басты орынға қойып отырғанын білдірді. Иран өзінің көрші және дос елдері саналатын Түркия және Пәкістанмен қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты дамытуды қалайтынын да айтты.
Рухани сөзінде аталған елдермен ынтымақтастықты дамыту арқылы соғыс ұшақтарын, өзге де маңызды қару-жарақ өндіруге дайын екенін жеткізді.
Иран басшысы сөз арасында АҚШ-тың санкцияларын да сынға алып, бұл қысымдар Иранның көршілес, ниеттес елдермен ынтымақтастығын одан ары дамытуға итермелегенін атап өтті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы