«Авиадартс» халықаралық байқау нәтижелері бойынша Қазақстанның құрама командасы Ми-35 жауынгерлік тікұшағында бірінші орынды иеленді, «Жойғыш авиация» номинациясында Су-30СМ ұшағы екінші орынды, ал «Армиялық авиация» номинациясы бойынша Ми-171Ш көлік-жауынгерлік тобы үшінші орынды еншіледі, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Сайыс қорытындысы бойынша әскери ұшқыштар жалпы командалық үшінші орынға ие болды. «Авиадартс – 2018» сайысының шешуші кезеңінде жойғыштар мен бомбалаушылардың экипаждары жерүсті нысаналар бойынша авиациялық бомбаларды, зымырандар мен зеңбірек қару-жарағын қолдану дәлдігінен сайысқа түскен. Жойғыштардың, шабуылдаушылар мен бомбалаушылардың экипаждары «жау әуеайлағы» бойынша бастырмалатқан соққы жасапты. Нысаналарды жою бомбалармен, басқарылмайтын зымырандармен және автоматты зеңбіректердің атысымен жүзеге асырылған. Дәл тиюді төрешілер бригадасы бағалаған. «Авиадартс» байқауына барлығы төрт елдің әскери шеберлерінің басқаруымен 60-тан аса ұшақ пен тікұшақ тартылды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы