55 мың еуропалық жолаушы Ирландияның мемлекеттік «Ryanair» әуекомпаниясының ұшқыштары жасаған ереуілдің кесірінен зардап шегуде, - деп хабарлайды «20minutes.fr» агенттігі.
Ереуілдің салдарынан көбіне-көп Германия тұрғындары зиян шегуде. Ақпарат агенттігінің айтуынша, қазіргі сәтте 42 мың адам діттеген жеріне жете алмай отыр. Осыған дейін, әуекомпания ереуіл басталған уақыттан бері (Астана уақытымен, таңғы сағат 7:01 де) 400 рейсті ұшырмай тастаған. Оның 250-і Германияға бағыт алатын немесе неміс әуежайларынан ұшу сапарын жүзеге асырушы рейстер екен. Қалған рейстер Бельгияға, Швецияға, Ирландияға және Нидерландыға ұшуы тиіс болған.
Айта кету керек, аталған әуекомпанияның ұшқыштары түнгі сағат 4:01-де (АСТ: 7:01) ереуілге шыққан. Олар жалақыларын көтеріп, еңбек шартын жақсартуды талап етуде. Бұл Ирландия әуе тасымалы тарихындағы ең ауқымды ереуіл болып саналады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы