Ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылау мақсатында әлемнің білікті ғалымдары екі жылда бір бас қосады. Биылғы отырыс Алматы қаласында өтті.
Энергетика министрлігінің атом және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің мәлметінше, қазіргі уақытта ядролық аймақтың 62%-ы тексерістен өткен. Сөйтсе де топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық және дереу жойылуы тиіс 50 мың текше радиация қалдығы бар.
Жалпы, Семей өңіріндегі радиациядан зардап шеккен аймақтарды зерттеу жұмыстары 2021 жылы толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан кейін топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмысы басталады деп жоспарлануда.