Түркі кеңесі кеңеске мүше елдердің арасында бекітілген маршрут бойынша шетелдік туристер үшін арнайы визалық режим енгізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамадиұлының сөзіне сілтеме жасап «КазТАГ» хабарлайды.
Оның айтуынша, Түркі кеңесі Жібек жолы туристік маршрутын бекітуі мүмкін. Әрі ол Еуропадағы туристік Шенген визасының баламасы болмақ. А.Мұхамадиұлы, сонымен қатар Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы да сөз еткен. Ол «EXPO-2017» көрмесінің арқасында 2017 жылы туристердің саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 25%-ға артқанын да атап өткен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы