Құрама Штаттың жергілікті уақытымен 7 тамыз түстен кейін жасаған мәлімдемесінде, АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Меттис 2016 жылғы президент сайлауында Ресейдің араласқанын және сайлау нәтижесіне әсерін тигізгенін нақты тұрақтандырды. Бұл туралы VOA хабарлады.
Пентагон басшысы Меттис сөзінде, Құрама Штаттың әскери желілік қолбасшылық штабы және Ұлттық қауіпсіздік агенттіктері үлкен мүмкіндіктерге ие екенін, АҚШ сайлауына шетелдік күштердің араласуын бақылай алатынын айта келіп, Кремль жақ кемінде сайлаудың кейбір кезеңдеріне араласқанын растады.
2016 жылғы президент сайлауы кезінде миллиардер және телевизиялық шоудың жұлдызы Трамп Құрама Штаттың 45-ші президенті болып сайланған болатын. Кейін ол бұл сайлауға Ресейдің араласқаны туралы АҚШ-тың барлау агенттіктері жасаған қорытындыны мойындамады.
Пентагон басшысы мәліметінде, алдағы сайлаудың қауіпсіздігін қорғау үшін және АҚШ Конституциясын және Конституциядағы саяси процедураларды жойылудан қорғау үшін Қорғаныс министрлігі Ішкі қауіпсіздік департаменті сияқты мекемелерге көмектесетінін айтты.
Алдағы сайлауларға араласқан тараптарға қарсы желілік шабуыл жасауға Пентагонның рұқсаты бар, жоқтығын сұрағанда, Меттис: «Бұндай тапсырманы орындауға рұқсат бар. Бірақ, АҚШ-тың дұшпандарға қарсы тұру шараларын ашып тастамау үшін, нақты шаралар туралы сіздерге айта алмаймын», – деді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр