АҚШ үкіметінің Иранға қаратқан экономикалық санкциясы бүгін ресми күшіне енді. Осыған байланысты Иран үкіметі валюта айырбасын барынша тежеп, долларды сатып алуды шектеуде. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Сейсенбіден бастап Иран шетелге саяхат және бизнес мақсатында шығатын тұлғаларға қызмет көрсетуде және валюта айырбасында өзінің дербес бағамын қойды. Иранның Орталық банкі импорттық препараттар сияқты күнделікті қажеттілікті доллармен қамтамасыз ету үшін үкіметтік субсидияланған, арзан бағамдық айырбас бағамын орнатуды жолға қойып отыр.
Иранның Орталық банкі риалдың құнсыздануын болдырмау үшін, осы жылдың сәуір айында, валюта бағамын бір долларға 42 000 риал деп белгілеп, басқа айырбас бағамына тыйым салған еді. Алайда, бейресми сауда алаңдарында Иран риалы құнсыздануын жалғастыруда. Айталық, өткен аптада 120 мың риал = 1 $ болды.
Сәуір айынан бері қарай ирандықтар АҚШ үкіметінің санкциясынан алаңдап, ел көлемінде АҚШ долларын сатып алу үрдісі артқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы