Жексенбі күні Ауғанстанның шығысында жанкешті-террористердің шабуылы салдарынан НАТО-ның «Батыл қолдау» миссиясының құрамында қызмет атқарып жүрген үш әскери өлтірілді, - деп хабарлайды НАТО-ның аталған миссиясының сайтында.
Шабуыл әрекеті НАТО мүшелері патрульдік міндеттерін орындау кезінде болған. Жарылыс салдарынан НАТО-ның тағы бір америкалық мүшесі жарақат алып, ауғанстандық екі әскер қаза тапқан. «Tolo News» телеарнасының хабарлауынша, жарылысқа «Талибан» қозғалысының қатысы бар.
Айта кету керек, «Батыл қолдау» миссиясы 2015 жылдың 1 қаңтарында басталған. Миссия ең алдымен оқу-жаттығуға, кеңес беруге және институалды және ұлттық деңгейдегі күштік министрліктерге көмек көрсетуге бағытталған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы