Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған егер парламентте тиісті заң жобасы қабылданған жағдайда, Түркияда өлім жазасын қайтадан қолға алуға дайын екенін мәлімдеді, - деп жазады «Anadolu» агенттігі Түркия президентінің баспасөз қызметііне сілтеме жасап.
«Егер осы шешім парламент тарапынан бекітіліп, менің ұйғарымыма жіберілетін болса, дереу қол қоямын», - деген Ердоған теракт салдарынан қаза тапқан әйел мен баланың жаназасында. Түркия президенті Сивас қаласына 25 жастағы Нұржан Каракай мен оның 11 жасар ұлы Мұстафа Каракайдың жаназасына келген болатын. Аналы-балалы екеуі Хаккари қаласындағы теракт салдарынан қаза тапқан еді. Әзірге, осы террорлық істі ешқандай топ мойындамауда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы