Иран Ислам республикасының Күзет Корпусының командирі Мохаммад Әли Джафари АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран басшысымен кездесу туралы ұсынысына жауап беріп, Иранның бұл ұсынысты мүлдем қабылдамайтынын айтты.
«Fars News» агенттігінің хабарлауынша, ирандық генерал-майор АҚШ президентіне жасаған мәлімдемесінде Ислам Республикасының Солтүстік Корея емес екенін тиісінше атап өткен.
«Трамп мырза! Иран — сіздің кездесу туралы ұсынысызды қабылдай беретін Солтүстік Корея емес... Тіпті АҚШ-тың келесі президенті де бұндай кездесуге қол жеткізе алмайды», - деген.
Еске салайық, бір-екі күн бұрын ғана АҚШ президенті Дональд Трамп Иран президенті Хасан Руханимен кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді. Ал, Иран президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Хамид Әбуталеби ирандық биліктің АҚШ Иранның ядролық келісімшартына қайта қосылған жағдайда ғана екіжақты келіссөздерді жаңғыртуға дайын екенін хабарлаған болатын.