Азық-түлік және темекі өнімдері саласындағы ирактық төрт компания Еуроодақтың санкцияларынан босатылды. Бұл туралы Еуроодақ Кеңесінің 30 шілдедегі мәлімдемесінде хабарланды, - деп жазады eadaily.com.
Құжатта 23 шілдеде Ирак темекі өндірісі компаниясы, қант пен сүт өнімдерімен айналысатын мемлекеттік компаниялар, сонымен қатар өсімдік майын өндіруші мемлекеттік кәсіпорынның ЕО-ның қара тізімінен шығарылғаны айтылған. Аталған шешім 31 шілде күні күшіне енбек. Еске сала кетейік, ЕО Кеңесінің Иракпен арадағы экономикалық және қаржылық тұрғыдағы келіспеушілігі 2003 жылы қабылданған еді. Содан бері, ЕО-ға осы санкцияларды алып тастау туралы бірнеше мәрте талап түсіргенмен, бұл ұсыныстары 15 жыл бойы кері қайтарылған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы