АҚШ билігі мен Еуроодақ сауда кедерілері мен екіжақты салықтарды жою туралы жұмыстарды бастауға келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен сөйлескеннен кейін мәлімдеген, - деп хабарлайды france24.com/fr.
АҚШ билігі мен ЕО сауда саласы мен қолданыстағы тарифтерге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс тобын құрмақ. «Мен келісімшартты бүгін жасауға ниеттенгенмін. Біз, сауда мәселелеріне қатысты келіссөздерді аяқтамай және тараптардың бірі осы келіссөздерді тоқтатпайынша, болат пен алюминийге салық салмауға барынша тырысамыз», - деген Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер.
Еске салайық, маусым айында АҚШ Еуропа одағына мүше елдерден импортталатын болат пен алюминийден жасалатын өнімдерге 10 пайыз көлемінеде салық енгізген болатын. Осыған сәйкес, Еуроодақ та 22 маусымнан бастап америкалық металл және ауылшаруашылық өнімдеріне 25 пайыздық салық енгізген еді.