Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков саясаткер Өмірбек Бабановқа саяси амнистия бере ме?
Жақында қырғызстандық құқық қорғаушы Тоқтайым Уметалиева ел президенті Сооронбай Жээнбековтен оппозициялық саясаткер Өмірбек Бабановқа амнистия беруді сұрап мәлімдеме жасады. Уметалиеваның сөзінше, 2017 жылы өткен президент сайлауында Жээнбековқа қарсылас болған Бабанов өз әдесін орындаған. Ол сайлаудағы жеңілісінен кейін ешқандай қарсылық акциясын өткізбеген және үлкен саясаттан кеткен.
Бірақ құқық қорғаушының бұл ұсынысымен экс-депутат Турсунбай Бакир уулу келіспейді. Бакир уулуның сөзінше, Өмірбек Бабановқа саяси себептер бойынша емес, қылмыстық іс бойынша айып тағылған және ол заң алдында жауап беруі тиіс.
Естеріңізге салайық, 2017 жылы Қырғызстанда өткен президент сайлауында оппозициялық саясаткер Өмірбек Бабанов қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтың басты қарсыласы болған. Көптеген сарапшылар сайлауға дейін "Өмірбек Бабанов жеңіске жетуі мүмкін" деген болжам айтқан. Бірақ үгіт-насихат жұмыстары кезінде Жээнбековтың саяси серіктерінің бірі, сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бабановты «Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құйыршығы» деп атап, сайлау қорытындысына дейін Бабановқа қарсы мәлімдемелерін қарша боратқан. Нәтижесінде сайлаудан жеңіліс тапқан Өмірбек Бабанов елден кетуге мәжбүр болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?