Франция мен Ресей 21 шілде күні сүриялық режим арқылы басып алынған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетті, - деп хабарлайды RFI.
Шам қаласына жақын орналасқан Шығыс Гутаға медициналық құрал-жабдықтар мен басқа да көмек түрлері әкелінген. Бұл —Шам бақылауындағы ауданға батыс елдері тарапынан көрсетілген алғашқы көмек болып табылады. Ресей Сүрияның батысындағы ресейлік базаға 44 тонна медициналық құрал-жабдықтар мен өзге де қажетті тиелген «Ан-124» транспорттық ұшақ жіберуде. Париж билігінің хабарлауынша, Франция Ресейден Сүрия режимінің жүктердің жеткізілуіне кедергі жасамайтынына кепілдік алған. Айта кету керек, Франция президенті Эммануэль Макрон бірнеше айдан бері Батысты БҰҰ-ның қолдауымен Сүрияда саяси шешім іздеуге шақыруда. Ол 27 маусымда елші ретінде Сүриядағы арнайы өкілін тағайындаған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы