Ресей Қазақстан аумағында жаңа зымыранын сынақтан өткізді – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная Звезда» газетінің мәліметінше, РФ қарулы күштері Қазақстан аумағындағы Сары-Шаған сынақ алаңында жаңа зымырандарын сынақтан сәтті өткізген. Генерал-мойор Андрей Приходьканың сөзінше, жаңа зымыран сынақтан жоспар бойынша өткен және сынақты жүзеге асырған жеке құрам өзінің алдына қойылған мақсатын толықтай орындаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей қарулы күштері 2017 жылдың қыркүйек айында «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Капутин Яр сынақ алаңынан «Ескендір-М» зымыранын ұшырған. Жоғары қуатты «Ескендір-М» зымыраны 480 шақырым ұшып өтіп, Қазақстанның Мақат сынақ алаңына келіп құлаған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды