Ұлыбританияда полицей өкілдері бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальға жасалған қастандық әрекетін орындауы мүмкін күдіктілерді тапты. Бұл туралы британдық ақпарат агенттігі «Press Association» хабарлайды.
Тергеушілер бейне бақылау жазбалары бойынша қылмысқа қатысы бар күдіктілерді табуға мүмкіндік алған. Осыдан кейін, қолға түскен ақпарат пен сол оқиға орын уақытта Ұлыбританияға келгендер туралы мәліметтер салыстырылған. Британдық полицейлер күдіктінің Ресейден келгеніне сенімді. Еске салайық, Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль 2018 жылдың наурыз айында жүйке-сал ауруын тудыратын заттегімен уланған еді. Лондонның хабарлауынша, осы істің артында Ресей тұр. Алайда, Ресей Скрипальдар ісіне қатысы барын жоққа шығарды.
Атышулы оқиғадан кейін Ұлыбритания ресейлік көптеген дипломаттарды кері қайтарған болатын. Лондонның осы қадамын құптаған тағы 28 мемлекет барлығы 150 ресейлік дипломатты елдерінен аластатқан. Одан бөлек, НАТО-ғы ресейлік жеті өкілдің тіркеулері нөлдендірілген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті