Грузия президенті Гиорги Маргвелшвили өздерінің НАТО құрамына ену ниеттерінен бас тартпайтындықтарын мәлімдеді. Бұл туралы хабар «mynet.com» басылымында жарияланды.
Маргвелшвили осылайша Ресей президенті Владимир Путиннің сөзін пікір білдірді. Естеріңізге салайық, Путин Грузия мен Украинаның НАТО құрамына кірулері «Ресейге үлкен қауіп төндіреді» деп мәлімдеген болатын. «Өкінішке орай, бұл сөзді біз бұрыннан естіп келе жатырмыз. Ресей басшысының бұл сөзі маған ауыр тиеді, алайда оның мұндай ұстанымдары жаңалық болудан қалды», - деді. Сөзінің соңында ол Грузияның НАТО-ға мүше болу ниетінен бас тартпайтынын қайталап, НАТО басшылығының өткен аптада Брюссельде болған саммитте Грузияға қолдау көрсеткенін тағы да еске алды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы