Түркіменстанның Ашхабат пен өзге де әкімшілік орталықтарында алкогольді ішімдік сатылымына тыйым салынды. «Азаттық» радиосының түрікмен қызметінің хабарлауынша, түрікмен билігі сауда нүктелерінен спиртті ішімдіктерді алып тастау жұмыстарын жүрізуде.
Алкогольді ішімдіктердің сатылымымен күрес 5 шілде күні қабылданған «2018-2024 жж. Түркіменстандағы спиртті ішімдіктердің зиянды әсерінің алдын алуға арналған ұлттық бағдарлама» аясында басталған. 8 шілде күні Түркіменстан астанасындағы жекеменшік дүкендердің жаппай жабыла басталғаны туралы хабарланған еді. Негізі, түрікмен билігі осындай шараны 2017 жылдың жазында Ашхабадта өткен күрес өнері мен V Азиялық ойындар қарсаңында да енгізген еді. Алайда, кейбір ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, алкогольді өнімдер сатылымына енгізілген осындай тыйымдар заң бұзушылыққа себеп болған. Енді, билік спиртті өнімдердің заңсыз сатылуымен де күрес жүргізуге ниетті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті