Осы жылдың наурыз айында Скрипальдардың улануларына, одан кейін 30 маусымда ғана ағылшын азаматы Дон Стерджестің өліміне себеп болған Солсберидегі жүйке-сал ауруын тудырушы улы заттек жабық контейнерде сақталса 50 жылға дейін «белсенділігін»жоғалтпайды. Бұл туралы Ұлыбритания полицейінің антитеррористік басқармасының басшысы Нил Басу мәлімдеді, - деп хабарлайды франциялық «20minutes.fr» агенттігі.
Басу аталған аймақ тұрғындарына аталған ауру таратушы улы заттек сақталған контейнерді іздеп жатқанын хабарлады. «Біз осы ауыр іске қатысты адамдарды таптық деп айта алмаймыз. Олар ешқандай да із қалдырмаған. Бәрін жасырған. Алайда, бәрінен де ауыры сіздерге осы іске қатысты ашық ешеңе айта алмауым» , - деген ол. Ол, 30 маусым күні уланған екеудің бірі Чарли Роулидің аталған контейнердің қайда екендігіне қатысты ақпарат бере алады деп үміттенеді. Роули қазіргі таңда есін жинағанмен, әлі де дәрігерлердің қарауында.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы