Түркияның солтүстік-батысында Капыкулу-Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызының алты вагоны рельстен шығып кетіп, салдарынан 10 адам қаза тауып, 73 адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы түркиялық «Daily Sabah» телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға Түркиның Текирдаг ауданында орын алған. Пойыздың бірнеше вагонының аударылуына қатты жауынның әсерінен пайда болған көшкін себеп болуы мүмкін. Аталған жолаушылар пойызында барлығы 360 адам болған. Ал релсьтен алты вагон шығып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем жеткенмен, он адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаға бойланысты ІІ министрілігі мен Көлік министрлігіне бұйрық беріп, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

“The Qazaq Times”