Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Астанаға келеді.
Өзбекстан президент әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айының 5-і күні Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында Қазақстан президенті Өзбекстан басшысын 6 шілде күні Астанаға шақырған.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комит Алламжоновтың сөзінше, Шавкат Мирзиеев шілде айының 6-ы күні Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысады және бірқатар екі жақтық кездесулер өткізеді.
Естеріңізге салайық, биыл Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуге ел бюджетінен 19 миллиард теңге қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға 85 түрлі мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған. Жалпы, осы 20 жыл ішінде Астана қаласының құрылысына 2,7 триллион теңге қаржы жұмсалған.