2018 жылдың алғашқы алты айында Сүрияда 4759 бейбіт тұрғын қаза болған, олардың арасында 1104 бала және 798 әйел бар. Олардың басым көпшілігі Башар Асад жақтастарының қолынан қаза болған. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі Сүрия желісінің есебінде хабарланған, - деп жазады «evrensel.net» агенттігі (SNHR).
SNHR мәліметі бойынша, алғашқы жарты жылдықта 3056 адам, оның ішінде 616 бала және 507 әйел Башар Асад режимінің құрбанына айналған. Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің шабуылынан 398 сүриялық, атап айтар болсақ 138 бала мен 79 әйел көз жұмған. Ал, ДАИШ террористері қолынан 182 адам, оның ішінде 43 бала, 15 әйел опат болған. АҚШ жетекшілігіндегі Халықаралық одақтың әуе шабуылынан 254 азаматтық тұлға, оның ішінде 112 әйел мен 68 бала қаза тапқан. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында «Хаят Тахрир Шам» тобының шабуылдарынан арасында 16 бала, 4 әйел бар, барлығы 53 бейбіт тұрған қаза тапқанын хабарлап отыр. Қалай десек те, Сүриядағы азаматтық соғысты кесірінен жазықсыз жандар жапа шегіп жатқаны анық және осы соғысқа нүкте қойылмай олардың санының да арта берері сөзсіз.