28 маусымдағы түнгі келіссөздерден кейін Еуроодақ елдері босқындар мәселесіне қатысты ортақ саясат туралы келісімге келді. Бұл туралы Еуропа Кеңесінің басшысы Дональд Туск хабарлаған.
«ЕО елдері босқындарға қатысты келісімшарт туралы ресми мәлімдеме бекітті» , - деген Туск. Бұған дейін босқындарды әр елге бөліп тарату шешіміне наразы Италия басшылығы Еуропа одағы елдерінің президенттері өткізген саммит қорытындысымен келіспейтінін жариялаған болатын.
«Dpa» агенттігінің мәліметінше, теңіз арқылы өтіп келген босқындарды құтқаруға арналған лагерьлер Еуроодаққа мүше елдерде құрылмақ. Осы лагерьлерден босқындар ЕО-тың оларды өз еріктерімен қабылдауға дайын елдерге бөлінеді. Одан бөлек, Еуроодақ солтүстікафрикалық елдердің бірінде де босқындара арнап лагерь құруға ниетті. Бұл — Жерорта теңізі арқылы келетін босқындардың санын азайту үшін керек. Әзірге, Солтүстік Африканың қандай елдері олады қабылдауға келісім беретіні белгісіз. Көптен бері Еуроодақ елдері арасында түйіні көп мәселеге айналған әрі одаққа мүше-елдерің өзара түсініспеушіліктеріне себеп болған босқындар мәселесі бұдан кейін нақты шешімдермен реттеледі деген үміт бар.