Башар Асад: «Сүрия халқы мемлекетті өз күшімен қалпына келтіруге қауқарлы» – деп мәлімдеді.
Сүрия басшысы Башар Асад Ресейдің "НТВ" телеарнасына берген сұхбатында: «Болып жатқан соғысқа қарамастан Сүрия халқы мемлекеттік өз күшімен қалпына келтіруге қауқарлы. Біз бұған сенімдіміз. Сіздер мемлекетті қалпына келтіруге 400 млрд доллар қажет дейсіздер. Қаржы қажет болса біз оны шетелдерде тұратын сүриялықтардан алатын боламыз. Бұл біз үшін үлкен мәселе емес. Еуропа елдері Сүрияны қалпына келтіру жөнінде жиі айтады. Бірақ олар бізге көмектесуден қарағанда пайда табуды көбірек ойлайды. Қазір елде азамат соғысы болып жатқан жоқ. Бір біріне оқ атып жатқан сүриялықтар емес жалдамалы сарбаздар мен террористер» - деп мәлімдеген.