Түркменстандағы отбасылық кодекске көп әйел алуға тыйым салатын норма енгізілді. Бұл туралы «Нейтральный Туркменистан» газеті жазды.

Аталған заң жобасына ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған. Жаңа талап биылғы жылдың 1 қыркүйек айында күшіне енбек. Заңға қайшы әрекет еткендер тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады екен. Бұдан былай, Түркменстанда көп әйел алған адамға үлкен көлемде айыппұл салынады немесе күдікті 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

“The Qazaq Times”